Медицина • 02 Тамыз, 2023

Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның қозғалуына мүмкіндік берді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Инновациялық ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның  сезімталдығы мен қозғалғыштығын ішінара қалпына келтірді.

Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның қозғалуына мүмкіндік берді

Нью-Йорктегі Northwell Health Фейнштейн медициналық зерттеулер институтының сарапшылары 2020 жылы сүңгуір апаттан кейін кеуде тұсынан төмен сал болып қалған 45 жастағы Кит Томастың жүйке жүйесін шунттау операциясын сәтті аяқтады.

Хирургтар Томастың миына микрочиптерді имплантациялап, оның миын дене мен жұлынға қайта қосу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін енгізген еді.

Осы жылдың наурыз айында Солтүстік Шор университетінің ауруханасында 15 сағатқа созылған ашық ми операциясының нәтижесінде Томастың сал ауруына шалдыққан денесі мен оның миы арасында «электронды көпір» пайда болған. Операциядан төрт ай өткен соң, ғалымдар көпір болған протез оң нәтиже көрсеткенін байқады.

«Біз жұлынындағы зақымдалған тізбектерді қалпына келтіретін электрлік импульстарды енгіземіз, ол сезім мүшелері мен жүйке арасындағы байланыстарды нығайтады», деді Нью-Йорктегі нейрондық шунттау зертханасын басқаратын инженер Чад Бутон.

Осы технологияны параличпен өмір сүретін адамдарға толыққанды және тәуелсіз өмір сүруге мүмкіндік беру үшін пайдалану – университет ғалымдарының басты мақсаты.


Карима ЖҰМАҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті